Сайлауов Мирас

Құқықтану мамандығының 1 курс студенті Сайлауов Мирас республикалық «EXPO 2017» көрмесіне қатысуға оқушы кезінен алдына мақсат қойып, сол мақсатқа қол жеткізу жолындағы жұмыстарын университет қабырғасында да жүргізіп келеді. Досымен бірге автономды аккумулятор жасауды көздейді.


Яғни Қазақстан халқы бұл құрылғы арқылы кез-келген ұялы телефонды тоқсыз толықтай зарядтауға мүмкіндік алады. Халықаралық көрмеге қатысуды көздеп жүрген Мирас Алматыда өткен республикалық көрмеге қатысып, кейін Астанада өткен жас өнертапқыштарды қолдау және қаржыландыру кеңесіне қатысып, құрылғыны жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда құрылғы толықтай дайын. Патент мәселесі шешілген соң оларды бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырып, айналымға енгізбек. Әзірше олар өздерінің алғашқы сұхбатын «Бірінші Мемлекеттік Жастар Радиосына» берген болатын.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мирастың жеке жұмысының екінші бағыты – ол анимация жасау. Қазіргі таңда «EXPO 2017» көрмесіне жарнамалық ролик және «Ду қол шоколад» бағдарламасына түрлі роликтер дайындауда және Astana KazMedia-мен бірігіп жұмыс жасамақ ойы бар. Толық ақпаратты Мирастың жеке сайтынан білуге болады: www.cadmy.kz