Кафедра правовых дисциплин - Научно-исследовательская и воспитательная деятельность

 

Научно-исследовательская и воспитательная  деятельность 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыптары зерттеу бағыттарымен ұштасады. Құқықтық пәндер кафедрасының зерттеу бағыты мемлекетте азаматтық қоғам мен құқықтық мәдениет қалыптасуының негізі болып саналады. 

Кафедра оқытушылары  ғылыми жұмыстары мен қатар облыс деңгейде ұйымдастырылатын ғылыми семинарларға қатысу мен түсіндіру жұмыстарына да тікелей ат салысады, мысалы  аға оқытушысы Ж.А. Базарғалиева 30-тамыз Конституция күніне арналған БҚО бойына Әділет Департаментінде өткізілген ғылыми семинарға қатысып баяндама оқыды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ашық сұхбат берді. 2015 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік Конференция ұйымдастырылды. 

 

 19.09.2015ж  Қазақстан Республикасы ІІМ көліктегі ішкі істер департаменті ММ Орал станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде өткізілген Көліктегі қылмыстардың алдын алу тақырыбындағы семинарға кафедра оқытушылары А.Б.Батыров пен Э.С. Хабиева қатысып баяндама оқыды.Кафедра оқытушылары ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетінің  28.10.2015 ж ұйымдастырылған тапсырмасын орындауға байланысты тұтынушылардың адвокаттық қызмет сапасына қанағаттану индикаторын белгілеу мақсатына байланысты жүргізілген шараны өткізуге қатыстырылды.09.10.2015ж Орал қалалық сотының төрағасымен бекітілген «Ашық есік күндерін» өткізу туралы жұмыс жоспарына сәйкес «Қылмыстық жауаптылық» және «Студенттер арасында жасалған қылмыстар» тақырыбында өткізілген семинарға құқықтану мамандығының студенттері мен оқытушылары қатыстырылды.30.09.2015ж БҚО бойынша Әділет Департаментінде өткізілген жеке нотариустардың шарт жасасу және оны куәландыру тәртібіне қатысты өткізілген семинар-кеңесіне кафедраның аға оқытушысы Г.А.Асильбекова қатысып, баяндама оқыды.

Кафедра оқытушысы Самуратова А.О. Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер кәсіподақтың алқалы жиналысында «ҚР Кәсіподақ туралы» заңын түсіндіру жұмысына қатысып, баяндама оқыды. Сонымен қатар Самуратова А.О.  тоқсан сайын өткізілетін Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы алқасының тұрақты мүшесі болып танылады және сол жерде өткізілетін заңды талқылау жұмыстарына қатысып келеді.Кафедра оқытушылары Серикова Л.С., Хабиева Э.С., Нұржанова А.К. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де құрылған Әйел құқығын корғау жөніндегі Кеңестің мүшесі болып табылады және осы салада жұмыстанып келеді. Кафедраның аға оқытушысы Нұржанова А.К. БҚО бойынша Адвокаттар алқасының Аттестаттау комиссиясының және кафедраның аға оқытушысы Асильбекова Г.А. БҚО бойынша Нотариалдық палатаның Аттестаттау комиссиясының мүшелері болып табылады. Сонымен қатар осы салаларға байланысты заңнамалық актілерді талқылауы жұмыстарына қатысады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Ә.Нұртазин  студенттер мен кездесіп  қоғамдағы дертке айналған сыбайлас жемқорлық туралы айтып, бейне фильм көрсетті. 

 

 БҚО Ішкі саясат басқармасының мемлекетік  әлеуметтік тапсырысы бойынша  Конституциялық құқықтарды қорғау шарасы аясында «Жастар  сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы ойын-сабағы  12 қарашада өтті. 

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтық пәндер   кафедрасы.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері,  студенттер, Орал қалалық сотының мамандары, Орал қалалық мектеп  оқушылары,  БАҚ өкілдері.                                                                                               

Мақсаты: Қоғам дертіне айналған  сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төндіріп отырған қауіпі, онымен   күресу жолдары және  оның соңы неге алып келетіндігін қазірден бастап  студенттердің саналарына  қалыптастыру мақсатында оздырылуда.  

Жоспарланған шара нәтижесі- студенттердің білімін кәсіби деңгейде шыңдау. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының қоғамға қауіптлік дәрежесін көрсету және тағайындалатын жазаның ауырлығын көрсету (қолданыстағы жаңа заңға сәйкес) жатқызылады.

 

 

Халықтар достығы  аясында Асамбляға 20 жыл толуына байланысты юр-11, юр-13 топ студенттерінің башқұрт халқы этно-мәдени бірлестіктерінің кешіне қатысуы.