Кафедра тарихы

Кафедраның жалпы ғылыми тақырыбы – «Батыс Қазақстан аймағының тарихы мен мәдениеті». Сондай-ақ мұнда оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижелерін де талдайтын ғылыми-әдістемелік кеңес те өз жұмысын тұрақты жүргізеді. Оқытушы-профессорлар құрамы жылма-жыл ғылыми конференцияларға қатынасады. Осы уақыт аралығында әр түрлі баспа беттерінде 40-тан астам ғылыми мақалалар, 10-ға жуық оқу-әдістемелік құралдар жарыққа шықты. Атап айтқанда, 2001 жылы өлкеміздің жетекші тарихшылары академик Т.З.Рысбеков, проф. Б.К.Бірімжаров, М.С.Сдықовтардың «Бөкей орда тарихы», доцент И.Н.Кенжалиевтің «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916-1920ж.ж.)», «Бөкей Орда»  (2000-2001ж.ж.) деген 2 монографиясы жарияланды.  
Кафедра  студенттермен тығыз ғылыми байланыс ұстап, ғылыми үйірмелер жұмыс істеуде. Қазақстан  тарихының  өзекті мәселелеріне арналған «Мұрагер», қазақ мәдениетіне қатысты «Шежіре», этнографиялық бағытта «Этнолог», археология мәселесіне қатысты «Археолог» үйірмелері жұмыс істейді.  
Тарих мамандығында оқитын барлық студенттер кредиттік жүйе бойынша оқиды.  Студенттердің негізгі алға қойған мақсаты: жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілетті маман иесі болу.