Кафедра тарихы

Кафедра: тарихтан қазіргі дәуірге

БҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы 2000 жылы наурыз айында  1991 жылы құрылған ОПИ-дың «Қазақстан тарихы» (каф.меңг. т.ғ.д., проф. Т.З.Рысбеков), соңынан бір атаумен аталған бұрынғы А.С.Пушкин атындағы БҚГУ, БҚАУ және Дәулеткерей атындағы Өнер институты кафедраларының негізінде құрылды. 
Кафедра құрамында 24 оқытушы, оның ішінде 3 профессор, 5 доцент, 3 кандидат,  2 аға оқытушы, 11 оқытушы, 1 аға зертханашы, 1 зертханашы қызмет етті. Кафедра тарих мамандықтарында 10-ға жуық мамандандырылған пәндермен және мемлекеттік университетте барлық  мамандықтарда Қазақстан тарихы пәнін жүргізеді. 
Кафедра ұжымының негізгі салалы бағыты ретінде болашақ мамандарды тарихи біліммен қаруландыру, студенттерді патриотизм мен гуманизмге тәрбиелеу; педагогикалық әрі ғылыми кадрларды жаңашыл шығармашылық бағытта жұмыстандыру; орта мектеп мұғалімдеріне Қазақстан тарихынан және оны оқыту мәселелерінен көмек көрсету болып табылады. Кафедраның мақсаты: «Тарих», «Экономика және құқық негіздері» мамандықтары бойынша орыс және қазақ тілдерінде жоғарғы кәсіби мамандарды даярлаудың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Кафедрада 07.00.02 – Отандық тарих (Қазақстан тарихы) мамандығы бойынша ғылыми мамандарды дайындау аспирантурасы қызмет етеді. 1999 жылы БҚМУ-дың диссертациялық кеңесінде (К14.44.04.) С.Б.Құрманалин «1847-1858 ж.ж. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс», ал 2000 жылы Г.Б.Сүлейменова «Батыс Қазақстанның мәдени өмірі: тәжірибе және мәселелер (1946-1985)» атты тақырыптарда кандидаттық  диссертацияларын қорғады. 
Кафедра оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында еліміздегі жетекші              ЖОО-мен және ғылыми мекемелермен тығыз байланысты қолдайды. Соның нәтижесінде                 2001 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ж.Т.Ерназаровтың «Этнобелгілердің қазақ салт-дәстүрлеріндегі қызметі (этномәдени аспектілер)» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. 
2003 жылы 4 сәуірде ҚР ЖАК-тың шешімімен университетте диссертациялық кеңесті жаңа жүйеге лайықтап, 07.00.02 – Отандық тарих мамандығы бойынша қайта құрды. 
2006 жылдан бастап  ҚР ЖАК-тың шешімімен университетте 07.00.02 – Отандық тарих мамандығы бойынша  14.61.26 БД  докторлық диссертация қорғау Кеңес болып қайта ашылды.  
Кафедра жанында сонымен қатар  2003 жылдан бастап 6N0203 - тарих мамандығы бойынша  магистратура жұмыс істейді.  Оның алғашқы түлегі А.М. Балықова «Батыс Қазақстанның қала тұрғындары (1926-1989 ж.ж)» атты магистрлық диссертациясын 2005 жылы сәтті қорғады.