«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауы қазақстандықтар үшін маңызды оқиғ болып табылды. Жолдауда елдің дамуының жалпы стратегиясы анықталып, қазіргі жағдайдағы қазақстан қоғамының дамуының негізгі міндеттері белгіленді.

2015 жылдың 4 желтоқсанындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» тақырыбындағы конференцияның ұйымдастырушысы дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы болды. Конференция жұмысына университет ректораты, барлық факультет оқытушылары, бөлім жетекшілері  мен студенттер белсене қатысты. Талқылауға Жолдауда айтылған қазақстан қоғамының дамуының әртүрлі аспектілері мен мәселелері ұсынылды. Конференцияда э.ғ.д., профессор Л.И.Мерғалиева, ф.ғ.к., доцент К.М.Науанова, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.Ж.Жақсығалиев, э.ғ.к., аға оқытушы А.А.Турченко, оқытушы магистр Н.Б.Сабырғалиева баяндама жасады. 

 

Барлық баяндамашылар мен талқылауға қатысушылар аудиторияға жолдаудың мәнін түсінікті деңгейде жеткізіп, мемлекет басшысының қазақстан қоғамының даму аспектілеріне неліктен маңызды орын бергеніне көңіл аударды. 

Жолдауды талдау – үлкен жолдың бастамасы ғана, алдымызда оның маңызды бағыттарын жүзеге асыру мен оны өмірге енгізу үшін күш біріктіру жұмысы тұр.