«Еуропадағы босқындар мәселесі» тақырыбында жастар дебаты өткізілді

2015 жылдың 4 желтоқсанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ №3 оқу корпусының мәжіліс залында «Еуропадағы босқындар мәселесі» тақырыбында жастар дебаты өткізілді.  

 

Шараның ұйымдастырушысы дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында жұмыс жасайтын «Панорама» студенттік жастар клубы. Дебатқа халықаралық қатынастар мамандығының екінші және үшінші курс студенттерінен тұратын «Гуманоидтар»  және  «Энигма» атты екі команда қатысты. Қазылар алқасы құрамында дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылар доцент, ф.ғ.к. К.М.науанова, аға оқытушы Г.Н.Есеева мен факультет деканының орынбасары Н.Б.Сабырғалиева болды. Дебат кезінде босқындар мәселесінің маңызды аспектілері: мәселенің туындау көзі, босқындарға экономикалық және әлеуметтік көмек беру, Еуропадағы миграцииялық ағынды реттеу т.б. мәселелер талқыланды. Әрбір команда қарастырылып отырған мәселені шешудегі өзіндік  механизмін ұсынды. Тұтастай алғанда пікірталас өте қызықты, жанды түрде өтті. Студенттер ғылыми пікірталастың, ғаламдық мәселені талдаудың, нақты аргументтер берудің және пікіртартысында  өз позициясында қалудың бағалы тәжірибесін игерді.