«Мы наследники Великой Победы» атты II халықаралық жастар және студенттер форумы

2015 жылдың 19 қарашасында  Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Рамен ауданы, Электроизолятор ауылы, Гжель мемлекеттік университеті базасында «Инициатива. Искусство. Интеллект» студенттік бірлестіктер даму бағдарламасы аясында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мы наследники Великой Победы» атты II халықаралық жастар және студенттер форумы өткізіледі.         Аталмыш форумға Қазақстан, Белоруссия, Абхазия, Кабардино-Балкарии және Мәскеуден студенттер қатысты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Тарих, экономика және құқық факультеті, Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының Әлеуметтану мамандығының 4 курс студенті Е.Е.Ибрашев форумның пленарлық отырысында «Война глазами современной молодежи» атты бейне-фильмін таныстырды. Сонымен қатар «Дети в годы Великой Отечественной войны 1941-1945гг.» тақырыбында баяндамасын оқып шықты. Форум және конференция жұмысының аяқталуы барысында Студент Е.Е. Ибрашевқа қатысушының сертификаты және М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Имангаливке жастарға өткенді құрметтеуге және патриоттық құндылықтарды бағалауға берген тәрбиесі үшін алғыс хат жіберілді.