"Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласының тарихы" атты интерактивті дәріс сабағы

2015 жылдың 12 қараша күні, "тарих, экономика және құқық" факультетінің "ҚР тарихы" кафедрасында- "Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласының тарихы" атты интерактивті дәріс сабағы өткізілді. Қазақстан қалаларының тарихы пәні бойынша өткізілген дәріс сабағы, Тарих ғылымдарының кандидаты А. С. Байбулсинованың жетекшілігінде, 5В020300- тарих мамандығының ІІ курс, 07203 топ студенттері арасында өтті.

Дәріс барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. Батыс Қазақстан облысының құрылуы

2. Орал- тарихи қала

3. Орал қаласындағы мәдени тарихи ескерткешкіштер мен қаланың бүгінгі даму жағдайы.

Тақырыпты ашу барысында оқытушы мен студенттер бірнеше әдістерді пайдаланды, олар: Блум таксономиясы, Кейс- стади, баяндау, сұрақ- жауап, деректік талдау әдістері. XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси картасын, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының тарихы туралы жазылған деректер мен олардың авторларының, өлкеден шыққан тарихи тұлғалардың портреттерін, Орал қаласының тарихи архитектуралық ескерткіштерін көрнекілік ретінде пайдалана отырып, студенттер Орал қаласының тарихқа өте бай қала екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Дәрісті оқытушы Батыс Қазақстан Облысы туралы арнайы құрылған слайдпен бастады, кейін студенттер "Батыс Қазақстан облысы" сөзіне ассоциограмма құрды, БҚО немесе Орал қаласы әкімінің моделін(студенттердің өз сыни- пікірі, тілектері) жасады, Орал қаласының идеалдық портреті- қаланың моделі қандай болу керек деп елестететінін, қандай жағдайда тарихи- мәдени ескерткіштерін сақтай отырып, өзекті мәселелерді шешуге болатын жолдарды атап өтті.

Дәріс соңында тақырып бойынша қорытынды пікірлер аталып, студенттердің білім қоры облыс тарихы жөнінен біршама мәліметтермен толықты. Кейін, жаңа сабақ тақырыбы бекітіліп, үйге тапсырмалар берілді.

Студенттер берілген уақыт ішінде дәрісте аталған барлық мәліметтерді топтастырып, сабақты қорытынды жасаумен аяқтады.