Мен – Қазақстанның болашағына басымды тікке адаммын

2013 жылдың 28 қараша күні Тарих және құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен – Қазақстанның болашағына басымды тікке адаммын» (Н.Ә.Назарбаев) тақырыбында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орайластырылған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді университет ректоры п.ғ.д. А.С.Иманғалиев ашты.

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО мәжілісінің хатшысы М.И.Құлшар, БҚО бойынша Қазақстан халқы Ассаблеясының төрағасы Ғ.Х.Қапақов, партия және кеңестік органдардың ардагері Р.Л.Кужекова, факультеттің ардагер ұстаздары Х.Ж.Сүйіншалиев, П.Р.Букаткин, факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және т.б. шақырулы қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел жұмысында төмендегідей мәселелер қаралды: 1) Қазақстан Республикасының Президенттік басқару жүйесінің ерекшеліктері, 2) Тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуындағы жетістіктері; 3) ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев – әлем таныған қайраткер. Дөңгелек үстел барысында М.И.Құлшар «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасып дамуындағы рөлі», Ғ.Х.Қапаков «Қазақстан халқының Ассамблеясы – саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің кепілі», З.К.Мухлисова «Қазақстан көшбасшысы: реформатор, тұлға, саясаткер», Р.Л.Кужекова «Комсомол және партиялық жүйедегі Нұрсұлтан Әбішұлымен бірлескен жұмыстар», Т.Т.Шайхиев «Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару моделі – әлемдік саяси технологияның жаңа сипаты», Ж.Ж.Жақсығалиев «Ұлттық көшбасшы» тақырыбында баяндама жасады.