«Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері»

2013 жылдың 5 желтоқсан күні Тарих және құқық факультеті Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Пленарлық мәжілісті университет ректоры А.С.Иманғалиев ашты. Пленарлық мәжілісте он-лайн режимде Ресей Федарциясынан тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжолова Дина Ахметжановна, Элиста қаласынан Қалмақ мемлекеттік университетінен тарих ғылымдарының докторы, профессор Кольцов Петр Михайлович баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар БҚМУ Бірінші проректоры А.С.Тасмаганбетов, ҚазИИТУ доценті, тарих ғылымдарының докторы Н.А.Адельбаева және т.б. баяндама жасады. Конференция секциялық жұмыстармен өз жалғасын тапты.