«Менің мамандығым – менің болашағым» атты дөңгелек үстел

2013 жылдың желтоқсан айының 6-сы күні Тарих және құқық факультетінде Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруыменбітіруші түлектермен және жұмыс берушілермен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Ішкі саясат Департаментінің, БҚО Ішкі Істер Департаментінің және қалалық әскери комитет өкілдері, облыстық сот мамандары қатысты. Ж.С.Ихсанова, Л.К.Куташева, Э.М.Жанабаева, Р.М.Мажитов, К.Л.Нурмуханов, Р.М.Упиев өз сөздерінде факультет мамандықтары студенттерінің сұранысқа ие екендігін, мамандар жоғары білікті және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс екендігін атап өтті.