Ғылыми мектептер

 


 

Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Ғұмырнаманың жалпы сұлбасы

1. Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы

2. Туған күні 1947 жылы 25 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.

3. Ғылыми атақтары мен дәрежелері: 1974-1978 ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, 1978 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты, 1979 жылдан Орал педагогикалық институтының ҚСРО тарихы кафедрасының доценті, 1990 жылдан тарих ғылымдарының докторы, 1991 жылдан профессор. Гуманитарлық ғылым Академиясының (1995 ж.), ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының (1996 ж.), Балтық педагогикалық Академиясының (1996 ж.), Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдар Академиясының (Мәскеу, 1997 ж.), Жоғары мектеп ғылымдарының  Халықаралық Академиясының (1997 ж), Петровский Академиясының корреспондент-мүшесі (2003 ж.), Ақпараттандыру Академиясының (2005 ж.), Қазақстанның Жоғары мектебі Академиясының (2006 ж.), Халықаралық  Евразия Академиясының (2007 ж.) Академигі.  Сол сияқты 2004 жылдан Халықаралық Евразия қозғалысының Саяси кеңесінің мүшесі болып табылады.

4. Бітірген оқу орны. 1966-1971 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде) оқып, «Тарих» мамандығы бойынша, тарих факультетін тәмамдаған.

5. Қызмет істеген жерлері

- 1965-1966 ж.ж. Үш-Арал орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі;

-1971-1972 жж А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының тарих факультеті тарих кафедрасының оқытушысы;

- 1972-1974 жж А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының тарих факультеті жалпы тарих кафедрасының оқытушысы;

-1979-1981 жж - КСРО кафедрасының оқытушысы, доцент;

- 1979-1988 ж.ж. - тарих кафедрасының меңгерушісі;

- 1988-1991 ж.ж. - тарих факультетінің деканы;

- 1991-1996 ж.ж. - А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының ректоры;

- 1996-2000 ж.ж. – Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры;

- 2000-2002 ж.ж. - Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің бірінші проректоры, ҚР тарих кафедрасының меңгерушісі;

- 2002-2003 ж.ж. – облыстық маслихат хатшысы;

- 2003-2011 ж.ж. – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры;

- 2011 ж. тамыз айынан бастап - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет ректорының кеңесшісі.

6. Ғылыми бағыты: Батыс Қазақстанның тарихы, Батыс Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы мен оны жетілдіру мәселелері,  ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресей империясының құрамына ену мәселелері, Қазақстанның кеңес кезеңіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, ХІХ-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы, егемен және тәуелсіз Қазақстанның тарихы, белгілі тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі және т.б. Сонымен қатар, ғалым қазіргі таңда Қазақстанның жоғары білімнің өзекті мәселелерін зерттеп жүр.

2 тарих ғылымдарының докторы және 11 тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның ғылыми жетекшісі, 5 магистрдің жетекшісі болып табылады.

7. Алған мемлекеттік сыйлықтары, лауреаттығы, марапатталуы.

Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы  (1982 ж.), «Еңбек ардагері» медалі (1987 г.), Ы.Алтынсарин  медалі (1992 ж.), ҚР Білім беру ісінің үздігі төс белгісі (1995 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті  атағы (1996 ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 ж.), А.Байтұрсынов медалі (2004-2007 ж.ж.), «Европа интеграциясын дамытуға қосқан үлесі үшін» (Оксфорд, 2006 ж.), «SPI Алтын медалі» (Париж-2005 г.), «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» (2004 ж.), «Біріккен Европа» (Оксфорд-2006 ж.), «10 жыл Астана» медалі (2008 ж.), «Ұлттық экономиканың көшбасшысы-2006» (Мәскеу, 2006), ҚР мемлекеттік сыйлығы «Парасат» ордені (2006 ж.), «РФ ақпараттық қоғамын дамытуға қосқан үлесі үшін» ордені (2005 ж.), «Орал қаласының құрметтті азаматы» (1998 ж.), «Жыл тұлғасы» медалі (2004 ж.), «Жыл маманы» халықаралық атағы (Ұлыбритания, 2007 ж.), «ҚР құрметті спорт қайраткері» (2007 ж.).

8. Докторлық диссертация тақырыбы: 1990 жылы академик Д.И. Дулатованың ғылыми кеңесімен «07.00.02-Отан тарихы (ҚР тарихы)» мамандығы бойынша «Советы Казахстана 1938-1986 гг.» тақырыбында қорғады.

9. Ғылыми еңбектері.

5 монография, 3 ұжымдық еңбек, 4 оқулықтың, 20 оқу-әдістемелік еңбектің, 120 ғылыми мақала, 32 баяндама, тезистардың авторы. Бірнеше ғылыми диссертацияларға оппонент және ғылыми кеңесші болып, 20-ға жуық авторефераттар мен оқулық, монографияларға пікір жазған.

Басты еңбектері:

1. Рысбеков Т.З. Диалог с историей. - Уральск, 2007. - 95 стр.

2. Этюды истории родного края. - Уральск, 2007. - 196 с.

3. Көзқарас. - Орал, 2007. - 240 бет.

4. Менің Қазақстаным. - Орал, 2007. - 160 бет.

5. Рысбеков Т.З., Кенжалиев И.Н. Сырым Датұлы (тарихи очерк). - Орал, 2007. – 72 бет.

6. Рысбеков Т.З. Тарихи таным және ақиқат. – Орал: М.Өтемісов ат. БҚМУ баспа орталығы, 2011 – 370 бет.


Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы – қазақ тарихының маманы, тарих ғылымдарының докторы (2003 ж.), профессор (2008 ж.).

1986 жылы Гурьев педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірді.  1990-1993 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аспиранты. 1993-1995 жылдары Атырау педагогикалық институты «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты. 1995-2001 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тарих факультеті деканының орынбасары, аға ғылыми қызметкер, 2001-2003 жылдары Қостанай әлеуметтік академиясында факультет деканы. 2003-2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті экономика факультеті деканы, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша проректоры, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2008 жылдан бүгінге дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2008-2010 жылдары Бақылау комитетінің бұйрығымен  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 07.00.02-Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы)  БД 14.61.26  диссертациялық Кеңесінің төрағасы.

Бүгінде ғылыми Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнология институтының «Отан тарихы», «М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы», Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы» журналдарының редакциялық алқа мүшесі.

Негізгі ғылыми жұмысы:

- Азаттық таңы жолында» (Алматы, Ғылым, 2001), (Қазақ тілінде)

- Сырым батыр және Нұралы хан» (Қостанай, 2001), (Қазақ тілінде)

- Қазақ мұнайының тарихы» (Алматы: Өлке, 2006),(Қазақ тілінде)

- Тарих тұңғиығындағы тұлғалар» (Алматы: Арыс, 2008), (Қазақ тілінде)

- Тарих айдынындағы тұлғалар» (Орал: БҚМУ баспасы, 2012), (Қазақ тілінде)

- 200 астам ғылыми мақалалардың авторы.