Академиялық ұтқырлық

Тарих және құқық факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы ішкі және сыртқы бағыттар бойынша да сәтті жүзеге асырылып келеді. Атап айтатын болсақ, 2011-2012 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Кадырова Ксения 2012 жылдың 6 ақпанынан 30 маусымы аралығында Құқықтану мамандығының 08302 топ студенттері қатарына қабылданып, оқу курсы бойынша барлық емтихандарын ойдағыдай тапсырды.

2012-2013 оқу жылында Тарих мамандығының 3 курс студенті Нұрмұқанов Жансұлтан Қайыржанұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2012 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсаны аралығында Халықаралық туризм және мәдениет институтында оқып келді (Быдгощ қ., Польша). 


Құқықтану мамандығының 3 курс студенттері Ишанов Руслан, Кайыргалиев Абзал, Нургалиев Айбол және 2 курс студенттері Мергенев Нурлан, Берикова Алемгуль аталған бағдарлама бойынша республикалық қаржыландыру есебінен 2012 жылдың 16 қазанынан бастап 2013 жылдың 28 ақпанына дейін Экономика университетінде (Быдгощ қ., Польша)семестрлік оқуда болды. 
2012 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында 5В011400 Тарих мамандығының 2 курс студенттері оқытушы Е.Е.Клышевпен бірге Калмақ мемлекеттік университетіне семестрлік оқуға барып келді. 


2013-2014 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс студенті Ұзақбай Рүстем Быдгощ қаласында Ұлы Казимир университетінде білім алуда (Польша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы тек студенттермен ғана емес, факультет оқытушыларымен де жүзеге асырылды. Бұған дәлел ретінде 2012 жылдың 4-16 сәуір аралығында Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары Л.С.Серикова, Т.М.Муттайрова, А.К.Есенгазиева, А.К.Нуржанова және ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы А.С.Байболсынованың Ұлы Казимир университетіне және Экономика және туризм университетіне барған сапарларын айтуға болады. 

 

 

 

 

2012 жылдың 19 қараша 1 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы П.М.Кольцов «Тарих» мамандығының студенттері үшін Археология пәні бойынша дәріс оқып, курс нәтижесі бойынша емтихан қабылдады.  

 

 

 

 

 

2012 жылдың 17-29 желтоқсан аралығында Башкир мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Т.Т.Ильясов «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығының студенттеріне дәріс оқыды.