Х. Ж. Суйншалиев


Қалам Жұмашұлы Сүйіншәлі Батыс Қазақстан облысы қазіргі Ақжайық ауданының Қызыл-Жар  ауыл Советі Терең сай жағасында, 1925 жылы қаңтар айының он сегізінінші жұлдызында дүниеге келген. Сол жерде әкесі Жұмаш  жеке шаруашылық кәсіппен шұғылданып, мал өсіріп балық аулаумен айналысқан. Балалық шағы кіндік шешесінің  тәрбиесінде өткізген.



Ұлы Отан соғысы жылдарында әскер  қатарына шақырылды. Закавказье майданына  Грузия  мен  Түркия  шекарасында даярлық әуе  қорғау әскери  бөлімдеріне қосты. 345 ЗА полктік 13-батареясына  "дальномер"  бөліміне  орналастырды. 1946 жылы наурыз айында демобилизацияға ұшырады. 1946-1950 жылдары Оралдағы А.С.Пушкин атындағы Педагогикалық институтының тарих  факультетіне  түсіп бітіріп, тарихшы  мамандығына ие болады.
Институтты бітірісімен, облыстық оқу басқару мекемесінде , жетім балалар  бөлімінің  инспекторы, бір жылдан  соң  облыс  партия комитетінде мектептер  бөлімінде нұсқаушы, бірінші хатшының көмекшісі жұмыстарын атқарған.
1955 жылдан бастап  осы кезге дейін  алпыс жылдай  қол үзбей  М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-інде Отан тарихынан беріп ұстаздық етіп келеді. Әр кезде  тарих – филология факультеті деканының  орынбасары, тарих және  педагогика факультетінің деканы, КПСС тарихы  кафедрасының меңгерушісі болып жоғары оқу орнының белді және беделді қызметкері ретінде танылды.
1960-1966 жылдары  институт  Қалам Жұмашұлын Киев, Ташкент қалаларына бес айлық мамандық жетілдіру курстарына  жіберіп, ғылыми  болашағы үшін жол ашты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан  тарихы  кафедрасына ізденуші (соискатель) болып тіркелді. Сол кездегі тарихшы ғалым Қажым Хабиев  ғылыми жетекшілік жұмысын атқарды. Кандидаттық диссертацияның  тақырыбы да "Комсомол Казахстана – активный  помощник партии в культурной революции" 1928-1940 жылдары деп  бекітілді. Содан соң  көп ұзамай-ақ 1969 ж. сәуір айында КазГУ-дің  ғылыми  Советінде аталған тақырыпта диссертация қорғап, тарих  ғылымының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болады. Бір-екі жыл  жұмыс атқарған соң институт  Советінің  ұсынысымен доцент атағын ВАК тағайындап бекітті. ҚР қорғаныс министірінің 2000 жылы сәуірдің 21 күні  №9 бұйрығы бойынша  ПВО әскери  бөлімінің  запастағы полковник атағы берілді.
Алғашқы зерттеу еңбектері 60 жылдардың  екінші жартасынан бастап  жеке  брошюра, газет-журналдарға орыс  және мемлекет тілдерінде шығып жатты.
Қазіргі таңда БҚМУ-ң доценті ретінде ардагерлер қоғамының төрағасы қызметін атқаруда. Ұлы Жеңістің 60 жыл  мерей тойының қарсаңында "Ардагер Ағалар" атты естелік кітап шығарды (көлемі 16,5 б.т.). Осылайша  университеттің коллективімен бірге, білекті сыбанған қоғам қайраткері деген  тағы бір атаққа ие болды. Бірнеше  граммоталармен, " За  оборону  Кавказа", "За  победу над Германии" медальдармен бірге он бестен астам  медалдарымен  марапатталған. Қазақстан Республикасы ағарту ісінің озық иегері.
Егеменді ел болғалы  ана тілімізде төмендегідей еңбектері жарық көрген:
1.    Ішкі Орда және жалынды ақын Махамбет. А.,2002 ж. көлемі 3,56 б.т
2.    Қазақстан тарихының оқу әдістемелік құралы.Орал , 2003ж. көлемі 2,5 б.т
3.    М.Өтемісұлы – Ұлт- азаттық көтерілістің рухани дем берушісі,  Орал 2004ж. көлемі 5,26 б.т
4.    Ардагер Ағалар. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған жинақ кітабы, көлемі 16,5 б.т.