Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы - Оқу - әдістемелік жұмыс

Оқу - әдістемелік жұмыс

 

Кафедра мамандықтары бойынша 164 студент білім алуда: «Әлеуметтану» мамандығы бойынша – 44 студент, «Аймақтану» мамандығы бойынша – 25 студент, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша – 95 адам. Мемлекеттік тілде – 66 студент, орыс тілінде – 98 студент.  1 курста – 34 адам, 2 курста – 31 адам, 3 курс – 46 адам, 4 курста – 53 адам оқиды.

Кафедраның оқу пәндері

Кафедраның оқу мерзімі оқу - әдістемелік құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 1. Мемлекеттік білім стандарты. 2. Типтік оқытушылық жұмыс жоспары. 3. Пәннің типтік оқытушылық жұмыс бағдарламасы.

Кафедраның оқытушылық құрамымен құралған және оқытылатын, міндетті пәндер санын мыналар құрайды:

5В050100  Мамандығы «Әлеуметтану» -  17 (мемл. және орыс тілінде)

5В050500 Мамандығы «Аймақтану» -   12 (мемл. және орыс тілінде)

5В020200 Мамандығы «Халықаралық қатынастар» -  18 (мемл. және орыс тілінде)

Кафедраның мамандықтар бойынша тиімді пәндері мыналар:

5В050100 Мамандығы «Әлеуметтану» -   15 (мемл. және орыс тілінде)

5В050500  Мамандығы «Аймақтану» -  8 (мемл. және орыс тілінде)

5В020200  Мамандығы «Халықаралық қатынастар» - 17 (мемл. және орыс тілінде).

Пәндер бойынша оқу мерзімі мамандықтардың типтік және жұмыстық жоспарлардың, типтік және жұмыстық оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкестендіріп ұйымдастырылыған. Студенттердің оқу жүктемесінің көлемі мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттары талабына сай келеді және семестрге байланысты  13 – 20 дейінгі кредит санын құрайды.

Кафедрадағы оқу - әдістемелік жұмыс мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттары негізінде жүзеге асырылады. ҚР – дың мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарымен мамандықтардың қамсыздандырылуы 100%.

Кафедра ПОҚ міндетті компонент және таңдау курстары бойынша сабақтар жүргізеді (90 пән). Кафедрадағы барлық пәндер бойынша типтік бағдарламалар бар. Сабақтар ПОӘК сәйкес жүргізіледі, типтік оқу бағдарламалары негізінде жасақталған және қорытынды емтиханмен бітеді.

Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны мамандық МБОС – на сәйкес келеді.ПОӘК – де қамтылады: пәннің өзі мен ПОӘК – ді даярлаушы туралы мәліметтер, пәннің мақсаттары мен міндеттері, оқыту әдістемесі, сабақтар мазмұны мен кестесі, СӨЖ мен ОқСӨЖ тапсырмалары, әдебиеттер, жазба жұмыстарының (рефераттар, курс жұмыстары) тақырыбы, студенттердің пән бойынша білімдерін тексеру кестесі мен бақылау процедурасы, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

ПОӘК мазмұны және олардың Типтік бағдарламаларға сәйкестігі кафедра жиналысында қаралды және бекітілді (15. 09. 09. №1 хаттама) және факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

ПОӘК құрастыру барысында оқытушылар кездескен қиындықтарды ды атап өту қажет. Олар кафедра пәндерінің оқу - әдістемелік әдебиеттермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және оқытушылардың жүктемесі көп болуымен және де жаңа пәндерді игеру мәжбүрліктерімен байланысты. Кафедрада элективті пәндер тізімі құрастырылған және онда таңдау пәнінің аталуы мен қысқаша түсіндірмесі берілген. Таңдау пәндері болып табылатын курстарды даярлау барысында мамандық ерекшелігі, студенттер қалауы, жұмыс беруші талабы және жоғары білікті ммандар даярлауға қажетті инновациялар ескеріледі.

Кафедрада барлық мамандықтар бойынша элективті пәндер тізімі жасақталған. Студенттердің кафедра элективті пәндеріне қол жетімділігі Кеңсе тіркеуші қызметі және куратор – эдвайзерлер көмегімен ұйымдастырылды. Оқу жылының соңында міндетті компонент және таңдау курстары пәндерін таныстыру өткізілді. Таңдау нәтижесі студенттің жеке оқу жоспарында көрініс табады.

Кафедра пәндері бойынша оқу үрдісінде заманауи педагогикалық технологияларды және оқытудың инновациялық әдістерді тиімді пайдалану істеріне ерекше көңіл бөлінеді. Оқытушылар Нұргалиева А.М., Кожабергенова Х.И., Абулхасова Д.Б., Ержигитов А.Ж., Аманбаев А.С., Есеева Г.Н., Мырзабаева Б.М. оқытудың дәстүрлі нысандарымен қатар, инновациялық және интерактивті технологиялар элементтерін, іскерлік ойындар мен тренингтерді пайдаланады. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялар, электронды оқулықтар, желілік технологиялар пайдаланылады.

Кафедра ғылыми - әдістемелік семинар жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізілді және хаттамаларда бектілген. Семинар жиналыстарында оқу үрдісінің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі, несиелік технология бойынша оқытудағы баға саясаты, ПОҚ – ның оқу - әдістемелік жарияланымдар жоспары, сараптамалық комиссия жұмысы, элективті пәндер тізіміне өзгерістер енгізу мәселелері  талқыланды. Ғылыми - әдістемелік бандамалар тыңдалды және талқыланды: Шайхиев Т.Т. «Сайлау технологиялары»; Х.И. Қожабергенова «Батыс Европа елдеріндегі феодализация урдісі проблемалары»; П.А. Добряев «Кредитная система обучения в восприятии студентов и преподавателей ЗКГУ»; А.М. Нургалиева «Формы организации самостоятельной работы студентов»; Г.Н. Есеева «Основные методы исследования демографических проблем в исторической науке»; Д.Б. Абулкасова «Использование тестовых заданий для контроля знаний».

Кафедра оқытушылары даярлаған оқу әдебиеттері.

Кафедра оқытушылары диплом және курс жұмыстарын жазу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар даярлады:

1.Абулхасова Д.Б. «Методические рекомендации по выполнению дипломных работ» (на русском языке);

2.Шайхиев Т.Т. «Диплом жұмыстарын жазу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар»;

3.Ержигитов А.Ж. «Методические рекомендации по выполнению курсовых работ» (на русском языке);

4.Аменов А.Ж. «Курс жұмыстарын жазу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар»;

5.Есеева Г.Н. «Методические рекомендации по проведению производственной практики» (на русском языке);

6.Мырзабаева Б.М. «Өндірістік сараманды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар»

Студенттік сараман

«Аймақтану» мамандығы бойынша 07406, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 07409, 07410, «Әлеуметтану» мамандығы бойынша 07404 топтар студенттері өндірістік сараманнан 2010 жылдың 13 – ші қыркүйегі мен 30 – шы қазаны аралығында өтті. Өндірістік сараман «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық бөлімшесі, БҚО ішкі саясат басқармасы, әлеуметтік бейімделу орталығы, БҚМУ әлеуметтанулық зерттеу лабораториясы және т.б. ұйымдар мен мекемелерде өтілді.

Сараман мақсаты бітіруші курс студенттерін болашақ еңбек қызметіне даярлау, теориялық білімдерін тексеру, тәжірибелік қызмет барысында дағдылар игеру, еңбек тәртібімен танысу болып табылады. Өндірістік сараманнан 53 студент өтті.