Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Кафедра: тарихтан қазіргі дәуірге

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы 2009 жылдың 21 – ші қыркүйегінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ № 013(Л)-201 бұйрығымен «Жалпы тарих» және «Әлеуметтік – гум анитарлық пәндер» кафедраларын біріктіру негізінде құрылды. 2010 жылы кафедра құрамы «Философия және құқық негіздері» кафедрасының оқытушыларымен толықты. Кафедра жалпы тарих, философия және ғылыми коммунизм кафедраларының жетістіктері мен үздік дәстүрлерінің мұрагері болып табылады.

1930-1940 жылдары жалпы тарих курстары біріккен «Тарих» кафедрасы базасы негізінде оқылды. Осы кезге дейін ұрпақтар санасында сақталған тамаша оқытушылар тобы жұмыс жасады. Атап айтсақ Д.О.Медведев, Я.С.Фигельсон, Ф.С.Кузьмин, А.А.Королевский, Ш.Ш.Қаржауов, А.НМ.Ягнинский, Г.И.Багриков, С.Р.Недлин, Е.Т.Нелюбина тағы басқалары. Академиялық мекемелердің тұрмыс-тіршілігіне тән оқу-процесінің мазмұны сол кездің өзінде-ақ  өзінің жоғарғы деңгейіне көтерілген болатын. Ашық дәріс-семинарларды ұйымдастыру, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, методологиялық ізденістерді, педагогикалық  сараман қызметтерінің бағыт-бағдарларын анықтау кафедра тұрмысының өзегіне айналды. Мысалы, Ф.С.Кузьминнің «Германияның бірігуі» , Я.С.Фигельсонның «Революция қарсаңындағы Қытай» тағы басқа тарихтың өзекті мәселелеріне байланысты ашық сабақтар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Энциколпедиялық көлемде білімі бар, шешендік өнерді жете меңгерген Я.С.Фигельсон дәрістері кім-кімді де таңқалдырып, студенттер арасында ерекше құрметке бөленген. Оның дәрістерінің ең басты ерекшеліктері терең мазмұндылығымен және тұжырымдамалық негіздерімен ерекшеленетін, қандай да болмасын тарихи оқиғаны түсіндірген кезде тарихи фактілер мен құжаттық дерек мәліметтері кеңінен пайдаланылып, ғылыми ойдың жинақталуына, жүйеленуіне мүмкіндік  берді.

1940 жылдардағы оқытушылар тобының ішінде А.А. Королевскийдің өзі бір төбе болатын. 50 жылдардың басында А.А. Королевский «ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы қоғамдық-революциялық қозғалыс»; «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы» мәселелеріне байланысты арнайы курстар оқыды.

Жалпы тарих кафедрасы тарихының ерекше бір беттеріне тоқталған кезде 1939 жылғы 5-10 мамыр аралығындағы Орал пединститутының бірінші ғылыми конференциясы және 1940 жылғы 20-25 мамыр айында өткен екінші ғылыми конференция жұмыстарын айтуға болады. Бірінші ғылыми конференция жұмысында жоспарланған 10 баяндаманың ішінде Д.И. Киреевтің «Ерте орта ғасыр тарихын баяндаудағы фашистік тарихнамаға сын» атты баяндама жасалғандығын көреміз.

Жалпы тарих пәнінің оқытушылары студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастыруға белсене қатынасты. Мысалы: Фрунзе қаласында өткен Бүкілодақтық студенттер конференциясында «Вильсон теориясын саралау» атты баяндама жасаған студент М. Молдағалиева үшінші сыйлықпен марапатталған.

50 жылдардың басында А.А. Королевский «ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы қоғамдық-революциялық қозғалыс»; «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы» мәселелеріне байланысты арнайы курстар оқыды. БҚМУ-дың құрметті профессоры, т.ғ.к., доцент П.Р. Букаткин «А.А. Королевскийдің арнайы курстар бойынша оқыған дәрістерінде қоғамдық-революциялық қозғалыстың көптеген мәселелері көтеріліп, пікір таласпен, дискуссияларға ұласып жататын. Оның есімі шәкірттерінің есінде мәңгі сақталмақ».

Қазақ мектептерін бітірушілер санының артуына байланысты, кафедра қазақ тілінде дәрістер оқуды ұйымдастырды. Тарих факультетінің  ІІ курсында „Тарихты оқыту әдістемесі“   курсын оқытушы Қаржауов Ш. Ш. қазақ тілінде жүргізді.

Кафедра базасында ғылыми үйірмелер қызмет жасады. Мысалы: 1951 жылғы 28- желтоқсанда өткен кафедра отырысының құжаттарынан студенттер үиірмесінде тарих ғылымының әр алуан өзекті мәселелеріне байланысты 6 баяндаманың талданғандығын көреміз. Атап айтқанда: И. Тайманов  бастаған шаруалар соғысы. Е. Пугачев соғысына қатынасқан қазақтар. «Генерал-майор Панфилов атындағы 8-інші гвардиялық атқыштар   дивизиясының әскери жолы».

Бұл баяндамалар 1951 жылы өткен жалпыинституттық студенттер конференциясында тыңдалып, жоғары баға алды. Тарих факультетінің 4-курс студенті Қарасаев баяндамасы институт дирекциясы шешімімен бірінші дәрежелі сыйлық алса, 1-курс студенті Королевскийдің «ХVІІІ ғасырдағы Орал қаласы және оның іргесіндегі  ескерткіштер» атты баяндамасы құрмет грамотасымен марапатталды.

1953 жылы кафедраға Саратов мемлекеттік университетін бітірген тарих ғылымының кандидаты В.И. Ивакин келді. В.И. Ивакин 1953 жылдан бастап өмірінің бүкіл барысында бірнеше тарихшылар ұрпағын тәрбиелеген ғалым. Әдемі юморымен, ерекше қарапайымдылығымен бірақ орасан зор білімділігімен оның тұлғасы ерекшеленіп тұратын. В.И. Ивакин дәрістері мазмұны және методологиялық ұстанымдары терең шынайы ғылыми деңгейде өтетін. В.И. Ивакинді шын мәнінде 60-70 ж.ж. тарихшыларының Ұстазы дей аламыз.

1980 – 90 жылдары мұғалімдер даярлау ісіне Кушаев Г.В., Гришина О.И., Букаткин П.Р., Комаров А.К., Белый А.И., Х.И. Қожабергенова, Н.А.Смирнова, О.В.Щелоков, Мостовщикова Г.В., Сүлейменов А.А. үлкен үлес қосты.

1970 ж.  Қаз КСР-ы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес философия және ғылыми коммунизм кафедрасы ашылды. Аспирантурадан орын бөлініп, көптеген жас оқытушылар оқуға жіберілді және оның нәтижесінде кафедра ғылыми дәрежесі бар мамандармен толықтырылды. 1975 жылы оның базасында, жалпы университеттік мәртебе иеленген екі бөлек философия және ғылыми коммунизм кафедралары құрылды.

Кеңестік жоғарғы оқу орындарында саяси ғылымды (ғылыми коммунизм) оқыту 60-шы жылдар мен 70-ші жылдардың басында енгізіле бастады. Осы жылдары біздің педагогикалық институтта ғылыми коммунизм курсы, философия және саяси экономия сияқты 1963-1964 оқу жылдары әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы шеңберінде оқытыла бастады.

Бүкіл әлемде саяси ғылым ролінің өсуі, Кеңестер Одағында ғылыми коммунизм кафедраларының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларынан бөлініп, өз алдарына жеке құрылуларына әкелді. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институты ғылыми коммунизм кафедрасы ҚазКСР Білім беру министрлігінің 1975 жылғы 9 қыркүйектегі №117 бұйрығына сәйкес 1975 жылдың қазан айында философия кафедрасынан бөлініп, жеке орын тепті.

Кафедра құрамына енді: Черкашин И.Ф. – кафедра меңгерушісі, доцент; Қожахметов У.Т.- доцент; Еремин А.А., Прокопов М.В. – аға оқытушылар; Искакова З.Б. – оқытушы; Бисекешова Н.Б. – лаборант.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, бұрынғы ректор, КСРО білім беру ісінің үздігі, академик С.И. Вавилов атындағы медалмен марапатталған, республикалық дәрежедегі жеке зейнеткер, Орал облысы Еңбек Даңқы кітабына енгізілген И.Ф. Черкашин болды. Оның тұсында, кафедраға әлі күнге дейін тән жоғары кәсібилік, жауапкершілік, жоғары саяси мәдениет, өзара құрмет дәстүрлерінің негізі қаланды. 1977-1979 жылдары кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.В. Прокопов болды.

1981 жылы кафедра  басшылығын И.Ф. Черкашиннің қолынан, арадағы ӘГП және ӘСП кафедраларының пайда болуларына байланысты болған үзілістерді қоспағанда, 2004 жылға дейін басқарған философия ғылымдарының кандидаты, доцент Н.П. Скачкова қабылдады. Жастарға білім беру мен  тәрбиелеу ісінде сіңірген еңбегі үшін Н.П. Скачкова бірнеше мәрте КСРО Білім министрлігінің  Құрмет грамоталарымен марапатталды, «Еңбек ардагері» медалімен  (1990 ж), «ҚР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен награтталды, сонымен қатар университет Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұл жылдары кафедра сапында жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарды. Олардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент О.И. Гришина, аға оқытушы А.А. Еремин, ғылыми кандидаттық диссертацияларын осы кезде қорғаған Б.Ғ. Шынтемірова, В.П. Полубабкин, П.А. Добряев, М. Садырова, Б. Қалшабаева  (М.Садырова мен Б. Қалшабаева қазіргі уақытта ғылым докторлары, Алматы қаласында қызмет істеуде) болды.

1990-шы жылдары кафедра ұжымы лайықты, жауапты оқытушылар дәрежесіне дейін өсіп шыққан Т.Т. Шайхиев, А.М. Запрометов, Е.Утешов, М. Жанұзақов, А.Ж. Ержігітов сияқты оқытушылармен толықты. Соңынан, кафедра құрамында тарих ғылымдарының кандидаттары З.К. Мұхлисова және Е.Е. Хайдаров, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Д. Шоқабасов, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Б. Абулкасова қызмет атқара бастады.

1980-ші жылдардың ортасы мен 1990 жылдардан бастап, қайта құру үрдісі мен жалпы өркениеттілік, жалпы адамзаттық құндылықтарға бет бұру және білім беру жүйесіндегі реформаларға байланысты кафедра саясаттану және әлеуметтану оқу курстарын оқытуға бағытталды.

Кафедра БҚМУ-дың барлық институттарындағы оқу үрдісін мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етеді. 520730 және 050501 «Әлеуметтанушы» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Оқытушылар құрамы «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Экономикалық әлеуметтану», «Жалпы әлеуметтану», «Әлеуметтану тарихы» және т.б. арнайы оқу пәндерін жүргізеді

Кафедра оқытушылар құрамының күшімен көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар және электронды оқулықтар жарыққа шықты. Солардың ішінде, Сорос қорының грантын ұтып алған доцент Б.Ғ. Шынтемірова мен аға оқытушы Т.Т. Шайхиевтің оқу құралы да бар және сонымен қатар, олар әлеуметтану пәні бойынша оқулық пен оның электронды нұсқасын да даярлады. Философия  ғылымдарының кандидаты, доцент П.А. Добряев екі оқу-әдістемелік құралды жарыққа шығарды.2004-2005 оқу жылынан бастап, кафедра меңгерушілігі қызметінде Н.П. Скачкованы жас маман Д.Б. Абулкасова алмастырды. Ол Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетін бітірген, 2001 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де 22.00.04 әлеуметтік құрылым мамандығы бойынша кандидаттық  диссертация қорғады.Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1  ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты бар.  Оқу –көмектесу жұмысын кабинет 1992 жылдан аға лаборант – А.Х. Сенгалиева  атқарып келеді.

Халықаралық конференциялар жұмысына аға оқытушы Т.Т. Шайхиев, оқытушы А.Ж. Ержігітов, доцент Н.П. Скачкова, доцент Д.Б. Абулкасова қатысты. Ғылымды дамытуда сіңірген еңбегі үшін аға оқытушы Т.Т. Шайхиев «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Әлеуметтану және саясаттану пәнінің маңызы үздіксіз жоғарылауда. Қоғамның саясаттану білімінде қажеттілігі ғылыми – біліми пән тізімінде саяси мәдениетті жоғарылататын әлеуметтану мен саясаттанудың сақталуына алып келді. Студенттердің таңдауы бойынша пәндер тізімінен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 ж. 18 тамыздағы №454 бұйрығынан саясаттану және әлеуметтану пәндері мамандандырылған жоғары оқу орнындағы жалпыбілімдік пәндер тоқсанындағы міндетті компоненттеріне енгізілген болатын.

Біліктілікті көтеру курсын доцент Абулкасова Д. Б – Орта – Азиялық ресурс орталығының үшжылдық халықаралық «Орта Азияда «Саясаттану» пәнінен академиялық және оқытушылық шеберлікті арттыру» атты бағдарламасы бойынша өтті. Оқытушы Ержігітов А. Ж. байқауға қатысып, ЦАРЦ фондының «Антропология тұрғысындағы мәдениет пен қоғам» атты үшжылдық жобасына қатысуға грант жеңіп алды, Алматы қаласында «Антропологиялық талдаудағы негізгі сұрақтар» тақырыбы бойынша жазғы мектепке қатысқан.

Халықаралық конференцияларға аға оқытушы Шайхиев Т. Т., оқытушы Ержігітов А. Ж., доцент Скачкова Н. П., доцент Абулкасова Д. Б., қатысқан.

Білімге қосқан үлесі үшін аға оқытушы Шайхиев Т. Т. ҚР Конституциясына 10-жылдық медалімен марапатталған болатын.

Кафедраның ғылыми – тәжірибелік жұмысының негізгі критериелеріне студенттердің ғылыми – тәжірибелік жұмысын ұйымдастыру мен басқару болып табылады. Студенттердің ғылыми – тәжірибелік жұмысы студенттердің 50% жуығын қамтыды. Студенттердің ғылыми тәжірибелерге деген қызығушылықтарын арттыру, студенттердің әртүрлі халықаралық қорлардың ұйымдастырылуымен өтетін конкурстарға, ғылыми – тәжірибелік жұмыстар өткізуге гранттар алу мақсатындағы конкурстарға, студенттермен алмасу бағдарламасына қатысу белсенділіктерін арттыру кафедра құрамының негізгі қамына айналған.