Есеп және қаржы кафедрасы - Есеп және қаржы кафедрасы туралы жалпы ақпарат

Есеп және қаржы кафедрасы туралы  жалпы ақпарат

Есеп және қаржы кафедрасы 2002 жылдан бастап жұмыс істейді және 5В050800 Есеп және аудит және 5В050900 Қаржы мамандықтары бойынша  мамандар дайындайды.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік лицензиясы  № 0026241 серия АБ. Қызмет мерзімі шектеусіз.

Кадрларды дайындау  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі  бекіткен МЖББС сәйкес жүргізіледі. Мамандықтар  мазмұны  кредиттік оқыту жүйесі бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес келетін  оқу – әдістемелік  кешендермен толығымен  қамтамасыз  етілген. 

Кафедра қазақ және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай оқу түрі  бойынша екі деңгейдегі, жоғары және орта кәсіби білімді мамандарды дайындауды  жүзеге асырады.  

Кафедраның  профессорлық –оқытушылық  құрамы:

1. Экономика ғылымдарының кандидаттары , доценттер – 7

2. Экономика магистрлері – 5

3. Аға оқытушы - 2

Кафедраның ғалымдарымен қамтамасыз етілу деңгейі   50 % құрайды.

Оқу үрдісін ұйымдастыру. 

Кафедра оқытушылары  92  пән бойынша сабақ жүргізеді. 

Сабақ жүргізу  үшін кафедрада заманауи компьютерлермен, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен жарақтандырылған оқу кабинеттері бар. Бұл құрылғыларды  пайдалана отырып, оқытудың инновациялық әдістері колданылады: электрондық оқулықтар, видеодәрістер, бухгалтерлік құжаттардың электронды типтегі үлгілері. Университет «Audit Expert», «Priject Expert», «1С:Предприятие 8.1.15» заманауи  бағдарламалық кешендерін, сондай-ақ  салықтық декларацияларды толтыру бойынша және т.б оқу- әдістемелік ақпараттық ресурстарды алды. Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар. «Виртуалды банк», «Оқу бухгалтериясы» лабораториялары құрылды.

Профессорлық –оқытушылық құрамның жоғарғы біліктілігі білім берудің бәсекеге қабілетті деңгейін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.

Студенттер контингентінің сапалық құрамы жақсаруда, 4  пайызынан көбінің түрлі білім беру гранттары бар: ҚР БҒМ, М.Өтемісов атындағы  БҚМУ,  «Болашақ» қоры және т.б.

Мамандықтар кредиттік технология бойынша оқытылады. Сабақ берудің дәстүрлі әдісінен халықаралық, инновациялық әдістерге көшу, профессор-оқытушылық құрамның менталитетінің өзгеруі маңызды нәтиже болып табылады. Кафедрада жүргізілетін дәрістер және практикалық сабақтар мәселелі, дискуссиялық сипатқа ие. Мамандық студенттері кредиттік технологияның маңызын жақсы біледі. Оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыстың кең көлемі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандырады. 

Кафедрада оқу үрдісінің сәтті жүзеге асырылуының негізі болып, білімнің абсолюттік және сапалы көрсеткіштерінің өсімі табылады.  ОЖСБ нәтижесі бойынша студенттер жоғары нәтиже көрсетті – 99,2 балл, республика бойынша орташа балл – 76,2, Сонымен, 2014-2015 оқу жылындағы студенттердің абсолюттік үлгерімі - 96,5%, 2015-2016 оқу жылы - 99,5 %. Үлгерім сапасы 2014-2015 оқу жылы – 95,7%, 2015-2016 оқу жылы – 96 %.

    

ОҚУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ:

- бағдарлама бойынша сабақтарды жоғары білікті мамандар, оқытушылар, қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың тәжірибешілері жүргізеді;

- оқытудың шығармашылық атмосферасы оқытушылар мен тыңдаушылардың жоғары интеллектуалдық әлеуеті есебінен жаңа білімдерді игеруге және өзара дамуына әсер етеді, өзін өзі дамыту үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашады;

- жұмыстан қол үзбей жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы сабақ кестесі;

- жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларға жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ карьераны дамытуға ықпал тигізу;

- өте бай  кітапхана қорының болуы;

- магистратураға жеңілдік негізінде түсу мүмкіндігі;

- оқу ақысына жеңілдіктер мүмкіндігі.