Есеп және қаржы кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп – бизнестің ар-ожданы»

  Л.фон Мизес

Қазіргі дәуірде кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аныктаушы факторы болып қоғамның  білімді де интеллектуалды әлеуетінің денгейі табылады. Казақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазакстан халқына  Жолдауында  атап көрсеткендей, «..... біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім берудегі сапалы қызмет көрсетуге  қол жеткізуіміз тиіс». Аталған миссияны  жүзеге  асыру  ерекше мәртебеге ие ұлттық университеттер мен мемлекеттік жоғары оқу орындарына жүктеледі.

 Бүгінгі күні М.Өтемісов атындағы  БҚМУ Батыс Қазақстанның біліктілігі жоғары кадрлар  дайындауды жүзеге асыратын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Нарықтық экономика жағдайында  қаржыгер, бухгалтер мамандығы ең маңызды да  қиын әрі абыройлы  мамандықтардың бірі. Бұл саладағы мамандар өз еңбегіне жоғары жалақы алады. Осы мамандықтарды таңдаған жастар адамзат білімі мен тәжірибесінің іргелі қайнар  көздеріне қол жеткізе алады.

 Бухгалтер мамандығының қыр-сырын меңгеріп, оның ұшар биігіне жетіп, бухгалтерлік  есептің дамуына өз үлестерін қосады. Қаржылық  пәндерді оқып үйреніп, микро,  сондай-ақ микро деңгейдегі экономикалық үрдістерді басқара алады. Бухгалтерлік есеп, жазба жазумен бірге пайда бола отырып, шаруашылық қызметтің іргелі қажеттілігіне  айналды. Бүкіл әлем оны бизнесті оқып –үйренетін студенттер  үшін ең маңызды  пән ретінде  мойындайды.           

 Қаржы – бұл кез келген өндірістің кез келген бизнестің негізі.

Аталған мамандықтардың түлектері экономист, бухгалтер, аудитор, мемлекеттік қызметші, менеджер, кәсіпорын басшысы, аналитик, банк қызметкері, сақтандыру агенті, қаржылық менеджер  және т.б. лауазымдарды атқара алады.

Кәсіби қызмет сферасы болып мемлекеттік органдар, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелер мен ұйымдар, экономиканы басқару мен  мемлекеттік реттеу  органдары, нарықтық инфрақұрылым ұйымдары, ғылыми – зерттеу мекемелері табылады.

Кәсіби қызметінің бағыттары  меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған.

М.Өтемісов атындағы  БҚМУ-да сабақты  педагогикалық кана емес, сондай- ақ  практикалық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде  САР  сертификациялы бухгалтерлер жүргізеді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде  жүргізіледі, шет тілдерді тереңдетіп оқып – үйрену бойынша  қосымша  факультативтер бар.

 Сенің болашақ жетістігің осы жерден басталады!

 Құрметпен,

кафедра меңгерушісі  э.ғ.к. Нугманова М.К.

 


Есеп және қаржы кафедрасы туралы  жалпы ақпарат

Есеп және қаржы кафедрасы 2002 жылдан бастап жұмыс істейді және 5В050800 Есеп және аудит және 5В050900 Қаржы мамандықтары бойынша  мамандар дайындайды.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік лицензиясы  № 0026241 серия АБ. Қызмет мерзімі шектеусіз.

Кадрларды дайындау  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі  бекіткен МЖББС сәйкес жүргізіледі. Мамандықтар  мазмұны  кредиттік оқыту жүйесі бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес келетін  оқу – әдістемелік  кешендермен толығымен  қамтамасыз  етілген. 

Кафедра қазақ және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай оқу түрі  бойынша екі деңгейдегі, жоғары және орта кәсіби білімді мамандарды дайындауды  жүзеге асырады.  

Кафедраның  профессорлық –оқытушылық  құрамы:

1. Экономика ғылымдарының кандидаттары , доценттер – 7

2. Экономика магистрлері – 5

3. Аға оқытушы - 2

Кафедраның ғалымдарымен қамтамасыз етілу деңгейі   50 % құрайды.

Оқу үрдісін ұйымдастыру. 

Кафедра оқытушылары  92  пән бойынша сабақ жүргізеді. 

Сабақ жүргізу  үшін кафедрада заманауи компьютерлермен, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен жарақтандырылған оқу кабинеттері бар. Бұл құрылғыларды  пайдалана отырып, оқытудың инновациялық әдістері колданылады: электрондық оқулықтар, видеодәрістер, бухгалтерлік құжаттардың электронды типтегі үлгілері. Университет «Audit Expert», «Priject Expert», «1С:Предприятие 8.1.15» заманауи  бағдарламалық кешендерін, сондай-ақ  салықтық декларацияларды толтыру бойынша және т.б оқу- әдістемелік ақпараттық ресурстарды алды. Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар. «Виртуалды банк», «Оқу бухгалтериясы» лабораториялары құрылды.

Профессорлық –оқытушылық құрамның жоғарғы біліктілігі білім берудің бәсекеге қабілетті деңгейін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.

Студенттер контингентінің сапалық құрамы жақсаруда, 4  пайызынан көбінің түрлі білім беру гранттары бар: ҚР БҒМ, М.Өтемісов атындағы  БҚМУ,  «Болашақ» қоры және т.б.

Мамандықтар кредиттік технология бойынша оқытылады. Сабақ берудің дәстүрлі әдісінен халықаралық, инновациялық әдістерге көшу, профессор-оқытушылық құрамның менталитетінің өзгеруі маңызды нәтиже болып табылады. Кафедрада жүргізілетін дәрістер және практикалық сабақтар мәселелі, дискуссиялық сипатқа ие. Мамандық студенттері кредиттік технологияның маңызын жақсы біледі. Оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыстың кең көлемі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандырады. 

Кафедрада оқу үрдісінің сәтті жүзеге асырылуының негізі болып, білімнің абсолюттік және сапалы көрсеткіштерінің өсімі табылады.  ОЖСБ нәтижесі бойынша студенттер жоғары нәтиже көрсетті – 99,2 балл, республика бойынша орташа балл – 76,2, Сонымен, 2014-2015 оқу жылындағы студенттердің абсолюттік үлгерімі - 96,5%, 2015-2016 оқу жылы - 99,5 %. Үлгерім сапасы 2014-2015 оқу жылы – 95,7%, 2015-2016 оқу жылы – 96 %.

    

ОҚУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ:

- бағдарлама бойынша сабақтарды жоғары білікті мамандар, оқытушылар, қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың тәжірибешілері жүргізеді;

- оқытудың шығармашылық атмосферасы оқытушылар мен тыңдаушылардың жоғары интеллектуалдық әлеуеті есебінен жаңа білімдерді игеруге және өзара дамуына әсер етеді, өзін өзі дамыту үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашады;

- жұмыстан қол үзбей жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы сабақ кестесі;

- жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларға жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ карьераны дамытуға ықпал тигізу;

- өте бай  кітапхана қорының болуы;

- магистратураға жеңілдік негізінде түсу мүмкіндігі;

- оқу ақысына жеңілдіктер мүмкіндігі.


 Профессорлық –оқытушылық құрам

Кафедрада ПОҚ саны 14 адамды құрайды. Олардың ішінде, ғылыми дәрежесі бар ПОҚ -  50%. Штаттық кестеге сәйкес ПОҚ қамтамасыз етілу деңгейі -100%. Барлық оқытушылар базалық экономикалық білімге ие. Оқу үрдісін ғылым докторлары мен кандидаттары жүргізгендіктен, оқу сапасы  жылдан жылға жоғарылап келеді. Жалпы алғанда 5В050800 Есеп және  аудит және 5В050900 Қаржы мамандықтары бойынша штаттық оқытушылардың кадрлық әлеуеті оқытылатын пәндер бойынша мамандарды сапалы дайындауға мүмкіндік береді. 

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Лауазымы

Ғылыми зерттеу бағыттары

Нугманова М.К.

08.00.05. э.ғ.к.

доцент, САР

доцент

Есеп, аудит және талдау, басқару есебі, ХҚЕС

Бурахта А.Н.

08.00.05. э.ғ.к.

доцент

доцент

Қаржылық талдау, ҰШЖ

Ерниязова А.А.

08.0012. э.ғ.к.

доцент

доцент

Есеп, аудит, ХҚЕС, ХАС

Турченко А.А.

08.00.12. э.ғ.к.

доцент

доцент

Есеп, аудит, ХҚЕС, ХАС

Салиева А.У.

08.00.05. э.ғ.к.

доцент

доцент

Қаржылық талдау

Ахонова Г.К.

08.00.12. э.ғ.к.

доцент

доцент

Салалық есеп, ҰШЖ

Бегеева М.К.

08.00.12. э.ғ.к.

доцент

доцент

Есеп, аудит және талдау, басқару есебі, ХҚЕС

Трибунский В.С.

08.00.12. э.ғ.к.

доцент

доцент

Жобаларды басқару,  Мемлекеттік сатып алу

Шамакова Н.Г.

08.00.05.. э.ғ.к.

 

аға оқытушы

Статистика, Қаржы, Қаржылық талдау

Баудиярова Э.Н.

Экономика магистрі

аға оқытушы

Салық және салық салу, Қаржы

Исмагулова А.И.

Экономика магистрі

аға оқытушы

Есеп, аудит және талдау, басқару есебі, ХҚЕС

Мустафина А.С.

 

аға оқытушы

Есеп, аудит және талдау, басқару есебі, ХҚЕС

Жангалиева Р.У.

Экономика ғылымдарының магистрі

аға оқытушы

Салалардағы бухгалтерлік есеп

Алтыбаева Ш.М.

Экономика ғылымдарының магистрі

аға оқытушы

Статистика, Корпоративтік қаржы, Қаржылық талдау

Скок Е.А.

 

аға оқытушы

Бағалы қағаздар нарығы, Қаржы менеджменті, Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру

Тогжанова А.К.

Экономика ғылымдарының магистрі

оқытушы

Есеп, аудит және талдау, басқару есебі, ХҚЕС

 


5В050900 - Қаржы мамандығының пәндері

Пәндер циклі

Атауы

Наименование

1

БП

Статистика

Статистика

2

БП

Қаржы нарықтары және делдалдары

Финансовые рынки и посредники

3

БП

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет

4

БП

ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп

Финансовый учет в соответствий с МСФО

5

БП

Аудит негіздері

Основы аудита

6

БП

Банктегі есеп және есеп беру

Банковский учет и отчетность

7

БП

Экономика саласындағы салық есебі

Налоговый учет в отраслях экономики

8

БП

Компанияның қаржылық есебі

Финансовая отчетность компаний

9

БП

1С Бухгалтерия

1С Бухгалтерия

10

БП

Қаржылық  статистика

Финансовая статистика

11

БП

Қаржылық талдау

Финансовый анализ

12

БП

Бағалы қағаздар нарығы

Рынок ценных бумаг

13

БП

Ақша, несие, банк

Деньги, кредит, банки

14

БП

Ақша-несиелік реттеу

Денежно-кредитное регулирование

15

БП

Несиелік іс

Кредитное дело

16

БП

Мемлекеттік бюджет

Государственный бюджет

17

БП

Банктік бақылау және аудит

Банковский контроль и аудит

18

БП

Банктік маркетинг

Банковский маркетинг

19

БП

Банктік менеджмент 

Банковский менеджмент

20

БП

Жобаны талдау

Анализ проектов

21

БП

Қаржылық тәуекел

Финансовые риски

22

ПП

Қаржы

Финансы

23

ПП

Салық және салық салу

Налоги и налогообложение

24

ПП

Банк ісі

Банковское дело

25

ПП

Корпоративтік қаржы

Корпоративные финансы

26

ПП

Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру

Финансирование и кредитование  инвестиции

27

ПП

Қаржылық менеджмент

Финансовый менеджмент

28

ПП

Қазіргі заманғы валюталық жүйе

Современная валютная система

29

ПП

Кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелін басқару

Управление портфелями ценных бумаг предприятий

30

ПП

Банкроттық және кәсіпорынды қайта құру

Банкротство и реорганизация предприятия

31

ПП

Мұнай жобасын талдау

Анализ нефтяного проекта

32

ПП

Әлеуметтік-экономикалық статистика

Социально-экономическая статистика

33

ПП

Шығындарды басқару

Управление затратами


 5В050800 - Есеп және аудит мамандығының пәндері

Пәндер циклі

Атауы

Наименование

1

БП

Статистика

Статистика

2

БП

Қаржы

Финансы

3

БП

Қаржы нарықтары және делдалдары

Финансовые рынки и посредники

4

БП

Бухгалтерлік есеп және аудит

Бухгалтерский учет и аудит

5

БП

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет

6

БП

ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп

Финансовый учет в соответствий с МСФО

7

БП

Мемлекеттік бюджет

Государственный бюджет

8

ПП

Бухгалтерлік есеп қағидалары

Принципы бухгалтерского учета

9

ПП

Қаржылық есеп 1

Финансовый учет 1

10

ПП

Қаржылық есеп 2

Финансовый учет 2

11

ПП

Басқару есебі

Управленческий учет

12

ПП

Аудит

Аудит

13

ПП

Экономикалық талдау

Экономический анализ

14

ПП

Банктегі есеп және есеп беру

Учет и отчетность в банках

15

ПП

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет в строительстве

16

ПП

Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве

17

ПП

Саудадағы бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет в торговле

18

ПП

Экономика саласындағы салық есебі

Налоговый учет в отраслях экономики

19

ПП

Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Бухгалтерский учет в туризме и в гостиничном бизнесе

20

ПП

Компанияның қаржылық есебі

Финансовая отчетность компаний

21

ПП

1С Бухгалтерия

1С Бухгалтерия

22

ПП

Салық және салық салу

Налоги и налогообложение

23

ПП

Банк ісі

Банковское дело

24

ПП

Корпоративтік қаржы

Корпоративные финансы

25

ПП

Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру

Финансирование и кредитование  инвестиции

26

ПП

Қаржылық менеджмент

Финансовый менеджмент

27

ПП

Қаржылық талдау

Финансовый анализ

28

ПП

Бағалы қағаздар нарығы

Рынок ценных бумаг

29

ПП

Ақша, несие, банк

Деньги, кредит, банки


 Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі

Есеп және қаржы кафедрасының ПОҰ ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары: Әлемдік қаржылық жүйені тұрақтандыру контексінде еуропалық кеңістіктегі көп жақты ынтымақтастықтың болашақта даму бағыттары келесі бөлімдер бойынша:

1.Басқару есебі басқару шешімдерін қабылдау механизмі ретінде

2.ЕЭО жағдайындағы  бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері

3.ҚР салық жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары және олардың дамыту бағыттары

4.Банктік қызметті, зейнетақы активтерін және сақтандыру нарығын басқару мәселелері

5.Қазақстанның интеграциялық саясаты – тұрақтылыққа жету жолы

6.Қазақстандағы сақтандырудың даму бағыттары және қарқыны

7.Құрылыс компанияларындағы шығындарды тиімді басқару жолдары

8.ҚР шағын және орта бизнес субъектілерінің материалдық емес активтерін және қаржылық құралдарын пайдалану, басқару және есебі Кедендік Одақ және БСҰ қызметі жағдайында бәсекеге қабілеттілікті көтеру факторы ретінде: теория және тәжірибе

Кафедрада «Заманауи бухгалтер», «Қаржыгер-сарапшы» студенттік үйірмелері жұмыс жасайды.

 


Академиялық ұтқырлық

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес 2012-2013 оқу жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенті Мустафина Айнур (Польша. Быдгощ қ.) Халықаралық туризм және мәдениет институтында оқудан өтті. 2013-2014 оқу жылы 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттері  01.10.2013-14.02.2014ж. аралығында Юсупов Мурат Габбасович Польшаның Быдгощ қаласында Экономика университетінің Жоғары экономикалық мектебінде семестрлік оқудан өтті. Оқу кезеңінде Юсупов М. 12 пәнді оқыды, соның ішінде фундаментальды бизнес, жобалық менеджмент , Поляк тілі және мәдениеті, IT технологии, экономика негіздері және т.б.

  5В050800 – Есеп және аудит мамандығының білім алушыларының академиялық ұтқырлығы  

Оқу жылы

Студенттің аты-жөні

Ұтқырлық мекен-жайы

(қазақстандық/шетелдік ЖОО атауы

1

2011-2012

Кинжибаева  Гүлнар Пангаликызы

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

2

2011-2012

Солодовникова Екатерина Игорьевна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

3

2011-2012

Смагулова Перизат Кайратовна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

4

2011-2012

Шукова Елена Валерьевна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

5

2011-2012

Супалдияров Еркебулан Есмагамбетович

Армения, .Ереван қ.

6

2012-2013

Мустафина Айнур

Польша. Быдгош қ, Казимира университеті.

7

2013-2014

Юсупов Мурат

Польша. Быдгош қ, Казимира университеті.

  2014-2015 оқу жылы «Қаржы» мамандығының студенттері Сатыбалдиев А. К., Абдирова А.М.  АҚШ, Итта - Бена Mississippi Valley State University семестрлік оқудан өтті. 

 5В050900 – Қаржы мамандығының білім алушыларының академиялық ұтқырлығы  

Оқу жылы

Студенттің аты-жөні

Ұтқырлық мекен-жайы

(қазақстандық/шетелдік ЖОО атауы

1

2011-2012

Куренная  Эмилия Петровна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

2

2011-2012

Мазитова  Галия Раисовна

Польша. Быдгош қ, Казимира университеті.

 

3

2011-2012

Машков Владимир Сергеевич.

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

4

2011-2012

Мергенова  Жаннат Беркутовна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

5

2011-2012

Наурзалиева  Мнаура Ержановна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

6

2011-2012

Нигматуллина  Жанара Нурлановна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

7

2011-2012

Осиновская  Ирина Сергеевна .

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

8

2011-2012

Ружейникова Валерия Дмитриевна

Повольже мемлекеттік сервис университеті. Тольятти қ.

 

9

2014-2015

Сатыбалдиев Анвар

АҚШ, Итта - Бена Mississippi Valley State University.

10

2014-2015

Абдирова Айгуль

АҚШ, Итта - Бена Mississippi Valley State University.

           

Біздің жетістіктер

 «Қаржыгер-сарапшы» СҒҮ қатысушылары Хрокалов А., Джамалиев А., Байгуатов Т., Хисаметдинов Р., Акакимян К., Бахирева М., Амиргалиев Диас, Мулдакашева Эльмира, Утебаева Азиза, Хабибуллин Еркин (2012-2014 жылдары), Онопко Т., Сатыбалдиев А., Калиева И., Сергалиева А. (2015 ж). жыл сайын жоғары оқу орындары студенттері үшін «Алматы қаласының өңірлік  қаржы орталығының қолдауымен, «Ирбис» қорының ұйымдастыруымен өткізілетін «Биржевой стимулятор» виртуалды республикалық ойынына қатысады және жүлделі орындарды иеленеді. Оған аға оқытушы Скок Е.А. жетекшілік етті. 

2012-2013 жылдары – 1 орын, 2013-2014 жылдары 1,2 орындар, 2015 жылы  3 орын.  Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар- арнайы оқулықтар, сонымен бірге ақшалай жүлде табыс етілді.

5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының студенті Юсупов М. Повольже мемлекеттік сервис университетінде (Тольятти, РФ) «Использование отходов нефтегазовой промышленности в производстве резины» жобасымен 1 орынға ие болды. 

Бисекенова Р., Калиева А., Кошмидкина Е., Юсупов М. құралған студенттер командасы V халықаралық іскерлік ойында 1 орынға және «BUSINESS HOLIDAY» инновациялық бизнес-жобасы конкурсында «Эффективный бизнес» номинациясына ие болды. 2 орынға 2 студент Ишангалиева Л., Даулеткалиева А. «Сервис будущего» номинациясын иелденді. 2014 жылы Ромазанова Г. «ІТ – Планета 2013/14» ақпараттық технологиялар саласында Халықаралық олимпиадада 1 орынды иеленді.

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 БҚО ЖОО арасында өткен пәндік олимпиада, 2013 ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олимпиада АО «Народный банк Казахстана», сентябрь 2013 г.

 

 

 

 

  

 

 

 

«Қазақстан Халық банкі» АҚ олимпиадасы, қыркүйек 2013 жыл 

 

 

  

 

 

 

 

Есеп және қаржы кафедрасының мәжілісі, 2013ж.

 

  

  

 

 

«Салық және салық» пәні бойынша пәндік олимпиададан І орын, желтоқсан 2013ж.

 

 

 

  

 

  

 

Интеллектуалдық ойын жеңімпаздары, қараша 2013ж.

 

 

 

 

 

  

 «Ұлттық валюта - теңге» күніне арналған дөңгелек үстел, қараша 2013ж.

 

 

 

 

 

 

 

«Жинақ банкі» АҚ директоры э.ғ.к. А.Н. Бурахтамен өткізілген мастер-класс