Есеп және қаржы кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп – бизнестің ар-ожданы»

  Л.фон Мизес

Қазіргі дәуірде кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аныктаушы факторы болып қоғамның  білімді де интеллектуалды әлеуетінің денгейі табылады. Казақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазакстан халқына  Жолдауында  атап көрсеткендей, «..... біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім берудегі сапалы қызмет көрсетуге  қол жеткізуіміз тиіс». Аталған миссияны  жүзеге  асыру  ерекше мәртебеге ие ұлттық университеттер мен мемлекеттік жоғары оқу орындарына жүктеледі.

 Бүгінгі күні М.Өтемісов атындағы  БҚМУ Батыс Қазақстанның біліктілігі жоғары кадрлар  дайындауды жүзеге асыратын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Нарықтық экономика жағдайында  қаржыгер, бухгалтер мамандығы ең маңызды да  қиын әрі абыройлы  мамандықтардың бірі. Бұл саладағы мамандар өз еңбегіне жоғары жалақы алады. Осы мамандықтарды таңдаған жастар адамзат білімі мен тәжірибесінің іргелі қайнар  көздеріне қол жеткізе алады.

 Бухгалтер мамандығының қыр-сырын меңгеріп, оның ұшар биігіне жетіп, бухгалтерлік  есептің дамуына өз үлестерін қосады. Қаржылық  пәндерді оқып үйреніп, микро,  сондай-ақ микро деңгейдегі экономикалық үрдістерді басқара алады. Бухгалтерлік есеп, жазба жазумен бірге пайда бола отырып, шаруашылық қызметтің іргелі қажеттілігіне  айналды. Бүкіл әлем оны бизнесті оқып –үйренетін студенттер  үшін ең маңызды  пән ретінде  мойындайды.           

 Қаржы – бұл кез келген өндірістің кез келген бизнестің негізі.

Аталған мамандықтардың түлектері экономист, бухгалтер, аудитор, мемлекеттік қызметші, менеджер, кәсіпорын басшысы, аналитик, банк қызметкері, сақтандыру агенті, қаржылық менеджер  және т.б. лауазымдарды атқара алады.

Кәсіби қызмет сферасы болып мемлекеттік органдар, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелер мен ұйымдар, экономиканы басқару мен  мемлекеттік реттеу  органдары, нарықтық инфрақұрылым ұйымдары, ғылыми – зерттеу мекемелері табылады.

Кәсіби қызметінің бағыттары  меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған.

М.Өтемісов атындағы  БҚМУ-да сабақты  педагогикалық кана емес, сондай- ақ  практикалық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде  САР  сертификациялы бухгалтерлер жүргізеді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде  жүргізіледі, шет тілдерді тереңдетіп оқып – үйрену бойынша  қосымша  факультативтер бар.

 Сенің болашақ жетістігің осы жерден басталады!

 Құрметпен,

кафедра меңгерушісі  э.ғ.к. Нугманова М.К.