Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 1991 жылы құрылған. Қазіргі кезде 23 жыл тарихы бар кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-ізденістік, шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруда әлеуеті жоғары деңгейге жетті. Ең алдымен кафедраның материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу-лабораториялық, музей-экспонаттық кабинеттермен жабдықталып, техникалық құралдармен, оның ішінде компьютерлік жүйемен қамтамасыз етілді.

Қазір студенттерге дәріс беруде жаңа инновациялық әдістерді, электрондық оқулықтарды және бағдарламаларды пайдалануға басты назар аударылып, осыған сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары енгізілуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, орта және жоғары оқу орындарында білім берудің мемлекеттік стандарттары, жалпы халықаралық деңгейде білім беру жүйесін үйлестіру талаптарын жүзеге асыру мақсатында да кафедра келелі өзгерістерді жүзеге асыруда.
Ғылыми әлеуеті: 
ҚР  тарихы кафедрасында 2 ғылыми-зерттеу бағыты жұмыс жасайды:
1. Батыс Қазақстан тарихының өлкетану мәселелері (профессор Т.З.Рысбеков);
2. Батыс Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар және тарихи тұлғалар (профессор Ә.Қ.Мұқтар).


Кафедраның өзіндік дәстүрлері мен құндылықтары бар: Қазақстан тарихы бойынша академик Т.З.Рысбековтің мектебі, доцент Г.А.Кушаев негізін қалаған археологиялық мектеп бар.
Кафедраның жанында археологиялық музей жұмыс жасайды:
Музей өлкенің байырғы тарихының көпжылдық далалық зерттеулері нәтижесінде жинақталған археологиялық коллекциялар негізінде құрылған. 
Музей тарихи құндылығы жоғары археологиялық экспедиция барысында жинақталған заттай ескерткіштерді есепке алу, сақтау, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ оқу аудиториясы қызметін атқарады.



Оқу-әдістемелік жұмыстар бағыты:
- 5В011400-«Тарих» (педагогикалық), 5В020300 - «Тарих» (ғылыми) мамандықтары бойынша орыс және қазақ тілдерінде бакалаврларды даярлауды дайындап, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады;
- тарих мамандықтарының білім беру бағдарламалары бойынша қосымша «тарих және ағылшын тілі»,  «тарих және құқық», «археология», «мұрағаттану» мамандықтары оқытылады,
- еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның, Батыс Қазақстанмен шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының Ресей Халықтар достастығы университетімен (Москва қ.,) Калмақ Автономиялық Республикасының Қалмақ мемлекеттік университетімен (Элиста қ.), Татарстан АР Марджани атындағы Казань мемлекеттік университетімен, Орынбор, Самара, Саратов облыстарындағы ЖОО-ның тарихшыларымен, байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыру, ғылыми сабақтастыққа қол жеткізу.
Кафедра жанынан 5В011400 – «Тарих», 5В020300 – «Тарих» мамандықтары бойынша бакалаврлар, 6М020300 – «Тарих», 6М011400 - «Тарих» мамандықтары бойынша магистранттар даярланады.       

Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы



ПОҚ құрамы – 17 адам. 3 тарих ғылымдарының докторы, профессорлар -           Т.З.Рысбеков, Ә.Қ.Мұқтар, доцент Ұ.Т.Ахметова, 9 тарих ғылымдарының кандидаты - Ж.Ж.Жақсығалиев, А.С.Байболсынова, Н.М.Тукешева, Ж.К.Тастаева, Ж.А.Исмурзин, Ж.Қ.Мұханғалиева, М.Ғ.Дүйсенғалиева, Ш.А.Айдарова, А.Е.Бижанова, аға оқытушы Б.Н.Бақтығұлова, тарих магистрлері М.Д.Қалменов, Г.Т.Жалекенова, Е.Е.Қлышев, Г.Ю.Айбекова жұмыс жасайды.
Кафедрада 10 арнайы пәнді және  4 гуманитарлық бағыттағы университеттік пәндерді оқытады. Жалпы кафедра жұмысының негізгі бағыттары болашақ тарихшы        мамандарды   Қазақстандық ұлтжанды, отансүйгіштік және гуманистік көзқарастағы нарық сұранысына сай педагог және ғылыми-тарихшы мамандар ретінде даярлау болып табылады. 

Университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен табыстарға ие болып, шын мәнісінде Батыс Қазақстан аймағындағы отандық тарих саласы бойынша ірі ғылыми орталыққа айналу үстінде. Дипломдық, магистрлік, кандидаттық диссертацияларға жетекшілік жасап, өлке тарихына қатынасты іргелі ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми мақалаларды жазып, әр түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық, ғылыми-теориялық конференцияларды, форумдарды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға тікелей атсалысуда. 
Кафедра ұйымдасқаннан бері 23 жылда 50-ға жуық монографиялар, ұжымдық еңбектер жазылды. 
Студенттермен жұмыс:
Халықаралық туризм және мәдениет университетімен (Быдгош қаласы, Польша), жақын және алыс шет елдердің жоғарғы оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасып отыр. 
Студенттер шетелде оқуда:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы кезінде:


Студенттік республикалық конкурс-Ақтау қаласы.
 
Археологиялық сараман барысында:

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттердің педагогикалық сараманы ұйымдастырылады. БҚО ЖОББМ қатар, қалалық 45 ЖОББ мектебімен келісім шарттар жасалған. 
Педагогикалық сараманнан көріністер: