Талапкерлерге арналған ақпарат

Талапкерлерге арналған ақпарат

Құрметті талапкер!

Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің профессорлық оқытушылық құрамы мен білім алушыларының атынан қош келдіңіздер және Біз сіздермен әрқашанда бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз!

Тарих, экономика және құқық факультеті қазіргі таңдағы заманауи талапқа сай  білікті мамандарды даярлау үстінде. Дүниежүзілік экономикалық аренада өзіндік орын алу үшін білікті экономистерді және педагог-ғылыми тарихшыларды және құқықтық сауаттылықты арттыруды басты назарға ұстай білімді заңгерлерді дайындауда ешбір европалық білім стандартынан кем қалмау үстінде. Барлық білім беру саласы ХХІ ғасырдың жаңа стандартына сай келеді. Факультетіміз қазіргі таңдағы тарихы тереңде орналасқан университеттегі ең ірі факультеттің бірі.

Қазіргі таңда факультет жанында  14 бакалавриат, 5 магистратура бойынша мамандарды дайындау жүргізілуде. Жалпы білім алушылар контингенті 1500 студенттермен магистранттардан құралған.

Факультет қазақ, орыс және шет тілдерінде жазылған оқу-әдебиеттерінің кітапхана қорына және заманауи метериалдық- техникалық базаға бай.

Біздер абитуриентерді студенттеріміздің арасында көруге қуаныштымыз және біздің түлектеріміз  үшін байланыс жасауға есігіміз  әрқашанда ашық.

Құрметпен және сізге деген ізгі тілекпен

Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы

Нестеренко Галина Ивановна

 

Факультетте мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі: 

5В050800-Есеп және аудит

Бітіруші түлекке «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры  академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші түлектер келесідей қызметтер атқара алады: компаниялар, фирмалар, банк және басқа шаруашылық субъектілері бухгалтері; есеп және есептілік әдістемесі бойынша экономист және министрліктерде, ведомостволарда аудиторлық қызмет; аудиторлық фирмаларда, қаржылық-бақылау органдарында аудитор; жоғары және кәсіби орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп, оперативті-экономикалық бақылау, шаруашылық қызметті талдау, аудит бойынша оқытушы. 

 

5В050900-Қаржы

Бітіруші түлекке «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры  академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші түлектер республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру ұйымдарында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы Министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, ҚР бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, қазынашылық органдарда, әр түрлі деңгейдегі әкімшілікке қарасты қаржы басқармаларында және бөлімшелерінде, кәсіпорынның және меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда қаржылық қызметінде жұмыс жасай алады. Келесідей лауазымдарды атқара алады: қаржы бойынша бас және жетекші маман; қаржылық директор; қаржылық менеджер және қаржылық сараптамашы; аудитор немесе ревизор; сыртқы экономикалық қызмет бойынша  маман; салық инспекторы; кеден комитетінде және т.б. маман.

 

5В020200 Халықаралық қатынастар

    Бітіруші түлекке халықаралық байланыстар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Халықаралық қатынастар бакалаврының кәсіптік қызмет обьектілері болып әлемдік саясат және экономика, қазіргі қақтығыстар мен оларды реттеу, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мемлекеттік басқару органдары, халықаралық оқиғаларға, қазіргі әлемнің ғаламдық мәселелеріне мәнді ықпал ететін сыртқы саяси бөлімдер, департаменттер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ведомстволардың құрылымдары (министрліктер, әкімшіліктер, президент аппараты, ұйымдар, трансұлттық корпорациялар т.б.), ақпараттық-аналитикалық жұмыстарды ұйымдастыру, аударма ісі. 

 

5В050100 Әлеуметтану

   Бітіруші түлек әлеуметтану бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Әлеуметтанушылар зерттеу және әлеуметтану  орталықтарында, мемлекеттік қызмет құрылымдарында (Президент әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, департаменттің әртүрлі әлеуметтік бөлімдерінде) әлеуметтанушы-сарапшы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының маманы, орта білім беру мекемелерінде әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы болып жұмыс істей алады. 

 

5В050500 Аймақтану 

  Бітіруші түлек аймақтану бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады және аймақтанушы мамандар аймақтық саясат пен экономика саласында референт, кеңесші, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда шет тілдері бойынша аудармашы-референт, жергілікті басқару органдарында маман, орта және арнаулы білім беру мекемелерінде оқытушы болып жұмыс істей алады.

 

5В030100 –Құқықтану 

Бітіруші түлекке «Құқықтану» мамандығы бойынша құқықтану бакалавры  академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушілердің  кәсіптік қызмет  нысаны  құқық қорғау оргындары,  мемлекет билік пен басқарудың сот,  атқарушы және өкілетті органдары;  мемлекет және мемлекеттік емес  кәсіпорындар, адвокатура, банкілер,  сақтандыру және  аудиторлық  компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады. 

 

5В011500 – Құқық және экономика негіздері

Бітіруші түлекке «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Білім бакалавры»   академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің функциялары болып  білім беру ұйымдарында құқық және экономика негіздерін  қамтамасыз ету, білім беру жүйесіндегі жоспарлау, ұйымдастыру және қызмет ету үрдістеріне, білім беру технологияларын қазіргі еңбек нарығы және жұмыс берушілердің  талаптарына сәйкес жетілдіру болып табылады. 

 

Факультетте үш тілді білім беру топтары жасақталуда.

Бакалавр түлектері келесідей мамандықтар бойынша магистратурада оқуларын жалғастыра алады: 6М050600-Экономика, 6М050700-Менеджмент, 6М051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6М011400-Тарих, 6М020300-Тарих.

2016 жылы кешенді тестілеу және ҰБТ пәндері 

көрсетілген мамандықтар тізімі

 

 

Мамандығы

Таңдау пәні

Профильные предметы

1

Құқық және экономика негіздері

Жалпы тарих

Жалпы тарих

2

Экономика

География

Математика

3

Менеджмент

География

Математика

4

Құқықтану

Жалпы тарих

Жалпы тарих

5

Туризм

География

География

6

Маркетинг

География

Математика

7

Мемлекеттік және жергілікті басқару

География

Математика

8

Қаржы

География

Математика

9

Есеп және аудит

География

Математика

10

Тарих

Жалпы тарих

Жалпы тарих

11

Тарих

Жалпы тарих

Жалпы тарих

12

Әлеуметтану

Халықаралық қатынастар

Шет тілі

13

Халықаралық қатынастар

 

Әлеуметтану

Жалпы тарих

14

Аймақтану

Аймақтану

Шет тілі